Кез келген шаруашылық үшін қыстық жемшөптің кепілді қоры болуы бәрінен де маңызды. Мал шаруашылығындағы табысты еселеу сол мал азығын мол әрі сапалы дайындауға да байланысты. Бүгінгі таңда шабындықтарға алғашқы шалғы түсіп те үлгерді. Өңіріміздің мал өсірушілері қазірдің өзінде бірнеше жүздеген мың тоннадан астам пішен орылып әзірленуіне қол жеткізген. Биыл агроқұрылымдар 477 040 мың гектар алқап үстінен 1 402 600 мың тонна табиғи шөп, 45 тонна сүрлем, 109 900 тонна сабан орып, жинауды көздеуде. Мамандардың айтуынша, мал азығындық шөптің осы көлемі өңірдегі төрт түлік малдың ойдағыдай қыстатылуына толықтай жетеді. Қазіргі уақытта облыс шаруашылықтары иелігінде 41 миллион 529 шартты мал басы бары тіркелген. Оларды қыстату кезінде талап етілетін 467 мың тонна құрама жемнің 154 тоннасы ғана жергілікті жерде өндіріледі екен. Агроқұрылымдар жемнің қалған бөлігін еліміздің өзге өңірлерінен тасымалдап жеткізуге мәжбүр. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев облыстың кейбір аудандары аумағында мал азығындық сапалы шөптің шығымдылығы әр кезде де көңілдегідей бола бермейтінін айтады. Мысалы, Байзақ, Меркі, Жамбыл аудандарында көпжылдық шөп өсіріледі. Жалпы облыс қажеттілігін өтеуде мұның өзі әлі де жеткіліксіз көлемде. Жалпы, мамандардың пікіріне қарағанда, өңірімізде, оның ішінде Жуалы, Жамбыл, Талас және Сарысу аудандарында шөптің шығымдылығы былтырғыға қарағанда төмендеу. Осыған байланысты нақты бір қорытындыға келуге де әлі ерте. Биыл жемшөп қорын жасау науқаны қыркүйек айына дейін созылады деп күтілуде. Облыс бойынша бүгінгі күні пішені, жоңышқасы бар 199 806 гектар жер орылып, барлығы 641 214 тонна шөп дайындалған. Көпжылдық шөптің бірінші орымы бітіп, базбір аудандарда екінші орымы басталып жатыр. Жалпы жемшөп дайындау науқаны белортаға жақындап қалды десе де болады. Шабындықтардағы шалғы сырылы жәйімен жалғаса да бермек.
«Aq jol-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді