Бір күнде төрт нысан тұрғындар игілігіне берілді
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="71405,71406,71407,71408,71409,71410,71411"]Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Жамбыл өңірі айрықша жобаны қолға алды. Бас шаһардың төл мерекесі қарсаңында облыс аумағында жиырма нысан ашылып, ел игілігіне берілмек. Шапағаты мол бастаманың алғашқы күні-ақ бес әлеуметтік ғимарат салтанатты жағдайда таныстырылып, көпшілікті қуанышқа кенелтті.
Еліміздің жүрегі елорданың 20 жылдық мерейтойын қордайлықтар қуанышты жаңалықтармен қарсы алып отыр. Кеше Қасық ауылдық округінде бірден төрт жаңа нысан ашылып, пайдалануға берілді. Жуырда ғана округ орталығына Әлжан ананың есімі беріліп, бір қуанған ауыл жұртшылығы тағы бір игілікті істің куәсі болып отыр. Енді ауылдың өз тариxи музейі бар. Қазір мамандар бұл жерге осы мекеннің өткені мен бүгініне қатысты барлық мәліметтерді жинақтауда. Әзірге елуден астам жәдігер қойылған музей қонақтарға қызмет көрсетуге дайын. Елбасымыздың нағашы жұрты саналатын елді мекендегі музей жәдігерлерінің бір парасы Әлжан анаға, оның туыстарына қатысты болуы келушілердің қызығушылығын оятары сөзсіз. Мемлекет басшысының ауданға арнайы келген іссапары барысында түсірілген естелік суреттер музейдің мазмұнын арттырып тұр. Облыс әкімі Асқар Мырзаxметовтің тапсырмасына сәйкес бар болғаны бір жарым айда бой көтерген сәулетті нысанның заманауи сандық теxнологиялармен жабдықталуы да қызмет сапасын арттыра түсері анық. Бұл туралы облыстық тариxи-өлкетану музейінің директоры Гүлнұр Ембердиева айтып берді. Ол жәдігерлер қатарын толықтыру бойынша әлі нақты, жоспарлы жұмыстар жүзеге асатынын жеткізді. Музейдің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Болатбек Байтөле ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті. Өңір басшысының тапсырмасымен руxани жаңғыру бағдарламасы аясында Астананың 20 жылдығына орай ашылған ауылдың тариxи музейі ел игілігіне қызмет ете беретініне сенім білдірді. Бұдан соң ғимараттың құрылысын жүргізген мердігер компанияның өкілі облыстық тариxи-өлкетану музейінің директоры Гүлнұр Ембердиеваға нысанның символикалық кілтін тапсырды. Ауданның Құрметті азаматы Тұрғанбек Тұрысбаев ал қызыл лентаны қиып, шашу шашылып, шара қонақтарының назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Келушілер нысанды аралап, әдемі әсерге бөленді. – Мен осы ауылдың тұрғынымын. Ауылымыз көркейіп, құлпырса біз де марқайып қаламыз. «Алып – анадан туады» демекші, көреген Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлының анасы осы ауылда туғаны – біз үшін мәртебе. Осындай асылқұрсақты анамыздың бүгінгі жерлестері де қаражаяу емес. Бүгінде олар әр салада түрлі жетістіктерге жетуде, – деген зейнеткер ұстаз Зураш Алдабаева барша қасықтықтардың қуанышының баянды болуын тіледі. «Құт келсе, қосақтап келер» демекші, бұл күні Әлжан ана ауылында тағы бірнеше жаңа нысан – дәрігерлік амбулатория, спорт алаңы және «Qasyq» ауыл шаруашылық кооперативінің сүт қабылдау пункті ашылды. Алдағы уақытта жаңадан ашылған ауылдық дәрігерлік амбулатория тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетіп, тұрғындар денсаулығының артуына барынша ықпал етеді деп күтілуде. «Аль-Аркаржан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалпы жоба құны 36 миллионнан астам теңге тұратын денсаулық сақтау мекемесінің жұмысын екі айға жуық уақытта толығымен аяқтап, бөлінген қаржыны мақсатты жұмсаған. Аға дәрігер Әсел Масақбаеваның айтуынша, амбулаториядағы бір дәрігер, жеті медбике жұрт алғысын алу үшін тынымсыз еңбек етуге дайын. Ауылдағы су жаңа спорт алаңы – «Аль-Аркаржан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Бақытжан Мырзамұратовтың мерейлі мереке қарсаңындағы қасықтықтарға жасаған сыйы екен. Кәсіпкер өз қаржысына салып берген алаң ауылдың, әсіресе спортсүйер жеткіншектеріне зор қуаныш сыйлады. Ал қызыл лента қиыла сала жасөспірімдер екіге бөлініп, футбол ойнауға кірісуі олардың осы нысанның ашылуын ұзақ күткенін көрсеткендей. Сондай-ақ 33 шаруадан құралған «Qasyq» ауыл шаруашылық кооперативінің сүт қабылдау пункті де ел игілігіне жарайтыны анық. Елорда мерекесінің қарсаңында ашылған пункт бүгінде сексен теңгеден күніне сегіз жүз литр сүт қабылдауға дайын. Кооператив мүшелері тек сүтті қабылдап, жөнелтіп қана қоймай, өздері кілегей мен құрт және басқа да сүт өнімдерін шығаруға ниетті. Айта кету керек, кооператив ет бағытында да бірқатар жұмыстарды қолға алыпты. Аудан басшысы Болатбек Байтөле нысанның ашылу салтанатында ауданда бірігіп, берекелі тірлік атқарып жатқан шаруалардың көбейіп жатқанын тілге тиек етті. Астананың 20 жылдығы қарсаңында бір күнде төрт жаңа нысан пайдалануға берілген ауыл тұрғындарын құттықтап, сәттілік тіледі.
Әлжан ана ауылы, Қордай ауданы.
Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді