«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Орыстар қазақша сөйлейді…». Америкалық әйел атын қазақшалап алыпты (видео)

«Орыстар қазақша сөйлейді…». Америкалық әйел атын қазақшалап алыпты (видео)
ашық дереккөз
«Орыстар қазақша сөйлейді…». Америкалық әйел атын қазақшалап алыпты (видео)
Өзінің және баласының есімін қазақшалап алған америкалық келіншек Шымкентте тұрған 2,5 жыл ішінде қазақ тілін меңгеріп алған. Әлеуметтік желіде қазақшаға судай америкалық келіншектің әңгімесі жазылған видео қызу талқыланып жатыр. Өзін Қазына деп таныстырған америкалық әйел Шымкент қаласында тұрған 2,5 жыл ішінде қазақ тілін үйреніп алған. Баласына да Құдайберген деген қазақша есім беріпті. Ал қазіргі уақытта Алматыда тұрып жатыр. Ол видеода екі қаланы салыстырып, қайсысы көбірек ұнағанын айтады. «Көп айырмашылық бар. Бірақ, меніңше, Шымкент жақсырақ. Өйткені бұл қалада қарбалас жоқ, арзаншылық, адамдары ашық, қонақжай. Әрі көлік кептелісі жоқ», — дейді Қазына. Оның айтуынша, Шымкентте бәрі қазақша сөйлейді, тіпті өзге ұлттардың қазақшасы да жақсы. — Шымкентте бәрі қазақша сөйлей ме, әлде орысша сөйлейтіндері бар ма? — Бар ғой, бірақ онда орыстар қазақша сөйлейді. Ал Алматы үлкен қала, сондықтан орысша сөйлеу қажет шығар, — дейді америкалық әйел.
ақпарат көзі:365info.kz

Ұқсас жаңалықтар