М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті әскери кафедрасының 270 студенті оқу орнының саптық алаңында салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Бұл іс-шараға университет ректоры педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы кадрлар бөлімінің бастығы Мереке Имангазин, сондай-ақ факультет декандары, Қарулы Күштер ардагерлері, студенттердің ата-аналары мен жақындары қатысты. Айта кету керек, алғаш рет әскери ант қабылдаған білімгерлердің 22-сі – қыздар. Салтанатты шарада 85395 әскери бөлімінің барлау ротасының жеке құрамының әскери қызметкерлері салтанатты шерумен жүріп өтсе, «Бүркіт» полиция жасағымен бірлескен студенттік топ ұрыс тәсілдері үлгілерін көрсетті. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі мен облыстық филармония әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт те ұйымдастырылды. Сондай-ақ взвод құрамындағы студенттердің сапта жүріп өту және саптық ән орындау байқауы өткізілді. Жеңімпаздарға университет ректорының грамоталары тапсырылды.
Нұрлан ӘБДІКЕРІМОВ, ТарМУ-дың студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді