Елдіктің елордасына - ерекше тартумен

Елдіктің елордасына - ерекше тартумен
ашық дереккөз
Елдіктің елордасына - ерекше тартумен

Шын мәнінде Астана тойы – елдіктің елордасының тойы. Осыдан жиырма жыл бұрын Арқа төсінен еңсе көтерген елордамыздың жыл өткен сайын жасарып, жайнай түскенін көру барша қазақстандықтар үшін үлкен мерей, мақтаныш екені анық. Елордамыздың әлемдік қоғамдастық алдындағы беделі, мәртебесі аласармауы жолында тер төгу әрбіріміз үшін де абыройлы міндет деп білеміз.

 width=  width=

Бүгінде бас қаланың мерейтойын лайықты деңгейде өткізуге дайындық жұмыстары қызу өрістеуде. Бұл іске барлық облыстар тарапынан көмек бар. Атап айтқанда, «Арай-2», «Астана-Арена» және Жеңіс, Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысындағы скверлер абаттандырылуда, «Бейбітшілік қабырғасы» нысаны, «Қазақ еліне мың алғыс» монументі, «Достық», «Неке қию» сарайлары, 240 орындық балабақша, зымыран және ғарыштық техника мұражайы, Есіл өзені арқылы өтетін велосипед және жаяу жүргіншілер көпірі және велосипед жолының құрылыстары жүргізілу үстінде. Айта кету керек, 6 жер телімін қамтитын велосипед жолының жалпы ұзындығы – 43,92 шақырымды, сметалық құны 2588,312 миллион теңгені құрайды. Оның бас жобалаушысы – «НИПИ «Астанагенплан» ЖШС. Аталған нысанның құрылысы 6 облыс тарапынан жүзеге асырылуда. Оның ішінде «Велосипед көлігінің инфрақұрылымы» нысанының №3 жер телімінде тиісті жұмыстарды іске асыру біздің облысымыздың еншісіне тиіп отырғанын атап өтуіміз керек. Мұндағы велосипед көлігі жолының ұзындығы – 12,36 шақырым, Есіл ауданының Достық көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықты қамтиды. Құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 470, 9 миллион (оның ішінде құрылыс жұмыстарына – 467 794, 2 мың, техникалық қадағалауға – 2 200,0 мың, авторлық қадағалауға – 916, 2 мың) теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстары мердігерлік ұйым «Арайстроймаркет – 2003» ЖШС күшімен биылғы мамыр айында басталған еді. Нысанды пайдалануға беруді маусым айының 20-сына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бүгінгі күні жер дайындау, ұсақ тас, қиыршық тас, жиек тас, ірі түйірлі асфальт төсеу жұмыстары толықтай орындалды. Ал ұсақ түйірлі асфальт жабыны маусым айының 15-інен кейін төселінетін болады. Осы жоба аясында велосипед көлігі жолы бойында қоқысқа арналған жәшіктер, орындықтар, велосипед уақытша орналастырылатын арнайы құрылғылар, велосипед тұрақтары мен сәйкестендіру жол белгілерін орнату көзделуде. Сонымен қатар жер телімінің басында және соңында облысымыз атынан екі монумент орнату ойластырылып отыр. Монументтердің іргетасы куртинск гранитінен қаланып, сырты иран-египеттік травертинмен қапталатын болады. Қысқасы, Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуге жамбылдықтар да өздерінің үлестерін қосуда. Еліміздің Арқа төсіндегі інжу-меруерті тектес аяулы қаламыздың айбыны, абыройы жылдан-жылға асқақтай бермек.

Әділет АХАТАЕВ, облыс әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Ұқсас жаңалықтар