Президент еліміздің жоғары әскери оқуларын үздік бітірген түлектерге әскери шен тапсырды
- author «Ақ жол»
- 4 шілде, 2014
- 1.1k
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана күнін мерекелеудің басталғанын білдіретін Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсімінде дәстүрлі түрде еліміздің жоғары әскери оқу орындарын үздік бітірген түлектерге офицерлік шенін тапсырды.
Атап айтқанда, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н. Назарбаев Радио-электроника және байланыс әскери инженерлік институтының түлектеріне, Құрлық әскері әскери институтының түлектеріне, ҚР ҰҚК шекара қызметі академиясының түлектеріне, ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының түлектеріне, ҚР Ұлттық Ұлан әскери институты түлектеріне офицер погонын тапсырды. «Әр уақытта байрақ Қарулы Күштердің бағалайтын рәмізі болып саналады. Сондықтан жас курсанттарға осы жерде алғашқы әскери шен тапсыру символының мәні өте зор. Қасиетті Атамекеннің төріне тігілген Мемлекеттік Ту алдында офицер атану ерекше құрмет. Елді қорғау - өз ата-анаңды, жанұяңды, бала-шағаңды, туған-туысқандарыңды қорғау. Сондықтан сіздерді мемлекет оқытып, осындай дәрежеге жеткізіп, сардар офицер етіп тәрбиелеп, шен беруге жеткізіп отыр», - деді Елбасы лейтенант шенін беру барысында.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




