Н.Назарбаев ЭКСПО қонақ үйлерін тұрғын үй ретінде пайдалануды тапсырды
- author «Ақ жол»
- 4 шілде, 2014
- 698
Бүгін ЭКСПО-қалашығының құрылысымен танысқан Президент Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық көрме қонақ үйлерін қазақстандықтарға арналған тұрғын үй ретінде пайдалануды тапсырды.
«Біздің міндетіміз - ЭКСПО-дан кейін барлық осынау ғимараттарды одан әрі пайдалануды ойластыру. Бастапқыда қонақ үй ретінде берілетін барлық тұрғын үйлер кейіннен қалалықтар үшін, қазақстандықтар үшін пәтер ретінде пайдаланылуы тиіс. Барлық сауда ойын-сауық және ғылыми орталықтар кәдеге жаратылуы қажет», - деді Н.Назарбаев.
Осы ретте Елбасы басқа елдердің көрмеге қажетті ғимараттарды салғанын, ал шара өткеннен кейін аталған нысандардың әлі күнге дейін қаңырап бос тұрғандығын ескертіп өтті.
«Біз салған нысандардың барлығының одан әрі пайдаланылуына сен жауап беретін боласың», - деді Мемлекет басшысы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Т.Ермегияевқа.
ҚР Президентінің атап өтуінше, бұған қоса қаланың барлық тұрғындарын дайындап, қонақтарға қызмет көрсету саласын жақсарта түсу қажет. «Сонымен қатар біз қонақтарға ұлттық мәдениетімізді көрсетуіміз керек», - деді Н.Назарбаев.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Технологияны енгізіп, түбегейлі өзгеріс жасау қажет
- 28 қазан, 2025
АҚШ-тағы қазақтардың алғашқы құрылтайы: ұлттық бірлікке жаңа қадам
- 30 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




