Мемлекет басшысы ел аймақтарында бірқатар жобаларды іске қосады
- author «Ақ жол»
- 2 шілде, 2014
- 311
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 2 шілдеде еліміздің аймақтарында бірқатар жобаларды іске қосуға қатысады, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ баспасөз қызметі.
Аталмыш ведомствоның мәліметтеріне қарағанда, Елбасы Астанада «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ портты және Семейдегі. «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» электр беру желілерін (Семей-Алматы телімінің бірінші тірегін орнату) салуға «онлайн» режімінде рұқсат береді.
Бұдан өзге, тікелей эфирде жаңа нысандар пайдалануға беріледі. Бұлар:
1. Бұрғылау қашауларын (PDC-қашауларын) шығару, «Жігермұнайсервис» ЖШС, Атырау (Индустрияландыру картасы жобасы).
2. Химиялық реагенттерді шығару жөніндегі зауыт, «Talas Investment company» ЖШС, Жамбыл облысы, Қаратау (Индустрияландыру картасы жобасы).
3. Шар крандарын және жапқыш арматураны дайындау жөніндегі зауыт, «Бёмер арматура» ЖШС («Сарыарка» АЭА), Қарағанды облысы (Индустрияландыру картасы жобасы).
4. Цемент зауыты, «КаспийЦемент» ЖШС, Маңғыстау, Шетпе (Индустрияландыру картасы жобасы).
5. Энергетикалық қазандық жабдығын шығару, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, Солтүстік Қазақстан облысы (Индустрияландыру картасы жобасы).
6. Қостанай қаласы үй құрылысы комбинаты, «Қостанай МБИ» ЖШС (Индустрияландыру картасы жобасы).
7. Шарпрокат орнағын шығару, «KSP Steel» ЖШС, Павлодар облысы (Индустрияландыру картасы жобасы).
8. Қоспажем зауыты, «Agrotrading-2007» ЖШС, Көкшетау қаласы (Индустрияландыру картасы жобасы).
Бұл арада, 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында Индустрияландыру картасы шеберінде 21 жоба пайдалануға берілгенін және 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындары құрылғанын атап өту қажет.
Ал екінші жартыжылдықта шамамен 100 жоба пайдалануға беріліп, 8 мың тұрақты жұмыс орындары ашылады.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді