Астана тұрғыны әуесқой ботаник Евгений Кудряк пальманың аязға төзімді ерекше түрін шығарып, оны елордада өсірмек
Евгенийдің болжамы бойынша, ол ағаш 35 градус аяздың өзінде жыл бойы өзінің жасыл түсін жоғалтпауы тиіс. Бірнеше жылдан бері Евгений Кудряк өзінің үйінің ауласында пальма өсіріп келеді екен. Енді оларды Астананың басқа жерлеріне де себуді жоспарлап отыр.
«Оның еш қиындығы жоқ, - дейді ботаник. - Мен аулада юкка пальмасын өсіремін. Суыққа шыдағандарын іріктеп алып, үйге кіргізіп, одан тұқым аламын. Ал үсіп кеткендердің тамырын шауып тастаймын».
Евгений Кудряк 15 жылдан кейін селекция нәтижесінде 40 градусқа дейінгі аязға төзімді пальмаларды шығаратынына сенімді.
Атап өтейік, юкка - солтүстікамерикалық пальма. Ол аса биік болмаса да жайылып өседі. Биіктігі шамамен екі метрге жуық.
«Негізінде юкка 20 градусқа дейін суыққа төзімді. Бірақ одан қатты суыққа ол шыдамайды. Юккадан суыққа төзімді өсімдік шығару үшін аз-маз еңбектену керек. Бұл менің бизнес-жобам. Осы арқылы ақша тапқым келетінін де жасырмаймын. Пальма - бұл әдемі өсімдіктердің бірі. Ол адамға оптимистік көңіл-күй сыйлайды. Шамамен 30 жылдан кейін менің пальмаларым Астанада жайқалып тұрады», - деген үмітін білдірді Евгений.
Ақпарат көзі: www.baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді