Бүгін Жамбыл облыстық “Арай” газетінің Директоры-Бас редакторы қызметіне белгілі журналист Дәулет Төленді тағайындалды. Осы басылымда еңбек жолын бастаған Д. Төленді Тараз қалалық “Жамбыл Тараз” газетінде жауапты хатшы қызметінде жүргенде де біліктілігімен көзге түсті. Кейін “Арай” жастар газетінде бас редактордың орынбасары болып, басылымның жаңа бағыт алып, оқырмандарының көбеюіне сүбелі үлес қосты. Бұдан бөлек, «Нұр Отан» партиясының республикалық «Дала мен қала» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, «Нұр-Медиа» холдингінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен ол қаламы қарымды журналист екенін дәлелдеді. Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінде маман, Астана қаласында Ішкі істер министрлігі Медиа орталығында бас директордың орынбасары қызметерін абыроймен атқарды. Бүгінге дейін Д. Төленды облыстық «Aq jol» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары болып келген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




