«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына жаңа басшы тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 5 мамыр, 2018
- 769
2018 жылдың 4 мамырдағы №5 Директорлар Кеңесінің шешімімен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы лауазымына Шәрбиев Нұркен Қожамұратұлы тағайындалды.
Шәрбиев Нұркен Қожамұратұлы 1976 жылы туылған, білімі жоғары. 1998 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін «АӨК экономикасы және менеджмент», 2012 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген. 1998-2000 жылдары «Шарбиев К.Ш.» шаруа қожалығының бас экономисі, 2000-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші және бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры, 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, 2012-2013 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіп саясаты департаменті директорының орынбасары, 2013-2017 жылдары «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның басқарушы директоры, «СХП Мерей» ЖШС-ның атқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2017 жылдан бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.
Ұқсас жаңалықтар
Баланы сөзбен емес, өнегелі ісіңмен тәрбиеле
- 27 қаңтар, 2026
«Тұрақты жұмыс тауып берсе, көмектің «көкесі» сол болар еді...»
- 27 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




