Үстіміздегі жылдың 30 сәуірінде «Әулиеата» халықаралық әуежайында «Мәскеу–Тараз–Мәскеу» бағытындағы халықаралық рейс қайтадан іске қосылды. Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын дәл осы әуежайдан S7 Airlines компаниясының «Мәскеу–Тараз–Мәскеу» бағытындағы алғашқы ұшағы ұшқан болатын. Алайда әртүрлі себептермен ұшу бағыты тоқтатылған болатын.
– S7 Airlines әуекомпаниясы рейсті қайтадан іске қосқандықтан, бұдан былай жолаушылар Мәскеуге дүйсенбі сайын жүйелі түрде ұша алатын болады. Болашақта апталық рейс санын жиілетсек деген ойымыз бар. Бірақ бұл ұсыныс әлі талқылану үстінде, – дейді «Әулиеата» халықаралық әуежайының пиар-менеджері Юлия Егорова. Бұл күні аталған әуежайда Мәскеуден келген 160 жолаушы қарсы алынды. Айта кетейік, «Мәскеу–Тараз–Мәскеу» бағытындағы рейс маусым бойынша жұмыс істейтін болады. Ал әуе билеттерінің бағасы 40 мың теңгеден басталады. Бұдан бөлек, аталған әуежайда болашақта Тараздан Санкт-Петербург, Ақтау, Атырау қалаларына тікелей ұшу бағыттары ашылады деп күтілуде.
Есен Өтеулиев
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- Бүгін, 16:20
Аудит тексерісі нені анықтады?
- Бүгін, 16:13
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




