Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Химия-биология факультеті студенттерінің арасында «Жас қаламгерлер» атты байқау өтті. Жыр аламанына 10 талапкер қатысты. Олар «Мен үшін мінсіз дегенің», «Жас Жамбылмын, жырлаймын» бөлімдері бойынша өлеңдерін кезегімен оқып шықты. Қазылар алқасының шешімімен Мадина Батырқайыр мүшәйра жеңімпазы атанса, Динара Өктембаеваға жүлделі екінші орынға ие болды. Мөлдір Мырзаханова мен Эльвира Абуталипова үшінші орынды өзара бөлісті. Сондай-ақ Раушан Шарапатова мен Әзиза Бидашованың келешегінен үлкен үміт күтуге болатынын аңғардық. Бұл шараны факультет деканы Раушан Таубаева мен қазылар алқасының төрағасы, облыстық «Арай» жастар газетінің бөлім меңгеушісі Саятхан Сатылғанов, республикалық шешендік өнер байқауының жеңімпазы Бахтияр Бекназаров қорытындылап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дипломмен, ақшалай сыйлықтармен марапаттады.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




