2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер Алматы қаласының екі қарсыласы ғана қалды
- author «Ақ жол»
- 30 маусым, 2014
- 965
Украинаның Львов қаласы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдау құқығы үшін күресуден бас тартты. Бұл туралы бүгін Халықаралық олимпиада комитетінің ресми сайтында жария етілді.
Львов енді 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтінім бермек. Халықаралық Олимпиада комитетінің хабарламасында бұл шешімнің Украинадағы саяси және экономикалық жағдайға байланысты қабылданғандығы айтылған.
ХОК президенті Томас Бахтың Украинаның Премьер-министрі Арсений Яценюкпен және Украинаның ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Сергей Бубкамен болған кездесуінде осы мәселелер жан-жақты талқыланды.
«Жұмыс тобы мәлімдегендей, Львов қаласының әлеуеті өте жоғары. Бірақ дәл қазіргі жағдайда 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдау құқығы үшін күресу қалаға өте ауыр тиеді. Меніңше, Львов қаласына 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу үшін күресу дұрыс болар еді», - деді өз сөзінде ХОК президенті.
Осылайша, 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер Алматы қаласының екі қарсыласы ғана қалды. Олар: Бейжің (Қытай) және Осло (Норвегия) қалалары.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Польшаның Краков қаласы да 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдау құқығы үшін күрестен бас тартқан болатын. Сонымен, 2022 жылғы Олимпиада ойындарының астанасы 2015 жылы Малайзияда жария етіледі. Биылғы, 2014 жылғы қысқы Олимпиада Сочи қаласында өткені белгілі. Ал 2018 жылғы Олимпиада ойындарының астанасы - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласы екенін естеріңізге саламыз.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




