Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімінің ефрейторы Рысқали Еңсепов түтінге тұншыққан қариялар мен балаларды өрттен аман алып шықты.
Ақтөбе қаласындағы Махамбетов көшесіндегі екі қабатты үйде өрт шыққан. Оқиғаны көрген ефрейтор Рысқали Еңсепов үйдің жоғары қабатындағы қариялар мен балаларды далаға алып шығуға көмектескен. «Әскери қызметкер жұмыстан үйіне кетіп бара жатқанда түтін шығып жатқанын көреді. Үй маңына жиналған адамдар пәтер ішінде мүгедек адам мен балалардың қалғанын жеткізген. Сол кезде ефрейтор түтінге қарамастан пәтер ішіне кіріп, қарияларды алып шықты. Кейін үйде бір және бір жарым жастағы баланың қалғанын біліп, тағы жоғары көтерілді. Бәрін бір өзі аман алып шықты», - деп хабарлады 6655 әскери бөлімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, кеше адамдардың өмірін құтқарып қалған әскери қызметкер бүгін тұрғындармен тағы да кездесті. Келесі аптада ефрейтор Рысқали Еңсеповті марапаттау шарасы өтеді. Шараға ҚР Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы басқармасының офицері Ғалымжан Шыназбеков, тұрғындар да шақырылды.Дереккөз: inform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- Бүгін, 16:20
Аудит тексерісі нені анықтады?
- Бүгін, 16:13
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




