«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бірлікке үндеген тірлік

Бірлікке үндеген тірлік
ашық дереккөз
Бірлікке үндеген тірлік

Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің құрылғанына биыл 25 жыл толып отыр. Атаулы датаға орай облыс орталығындағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығындағы «Достық» үйінде «Қазақстан біздің өміріміз және тағдырымыз» атты салтанатты жиын өтті. Шараға қатысқан Тараз қаласындағы №34 мектеп мұғалімдері мен оқушылары, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен мүшелері алдымен «Достық» үйіне экскурсия жасады. Арнайы жабдықталған М.Қашқари атындағы бөлмемен танысты. Ширек ғасыр бұрын құрылған ұйғыр этномәдени бірлестігі облыстағы 3000-ға жуық ұлт өкілінің басын қосып, жүйелі жұмыс істеуде. Осы жылдар ішінде өздерінің мәдениетін, өнерін дамытып, дәстүрін сақтап қана қоймай, өңірдің өркендеуіне үлес қосып, татулықты нығайтуға атсалысып келеді. Бірлестіктің 25 жылда қалыптасқан өрлеу тарихы бар. Мұны М.Қашқари атындағы бөлмеде рет-ретімен орналасқан естелік суреттерден және жеткен жетістіктерінің куәсі ретіндегі Алғыс хаттардан көруге болады. Бірлестік жанынан республикалық ұйғырлар орталығы басшысының орынбасары, облыстық бірлестіктің төрайымы Мухаббат Тұрдыеваның бастамасымен «Гунча» халық аспаптар оркестрі және жастар ансамблі құрылған. Кітапхана, қолданбалы өнер мұражайы барлық талаптарға сай жабдықталған қауымдастықтың кеңесі де ашылған. – Біздің міндетіміз – жастарға ұйғыр халқының тілін, мәдениетін әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін танытып, үйрету. Отандастарымызға ұйғыр ұлтының ерекшеліктерін, сонымен қатар Қазақстан жеріне қосқан үлестерін, жергілікті халықтың қамқорлығын айтып жүруіміз керек. Біздің М.Қашқари атындағы кабинетімізге тек қана ұйғырлар емес, облыстағы барлық ұлт өкілдері кез келген уақытта келе алады, – деді М.Тұрдыева өз сөзінде.

Жанғазы АХМЕТ

Ұқсас жаңалықтар