Тегін амбулаториялық дәрімен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша байланыс орталығы іске қосылды.
Бірыңғай дистрибьютор дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша еліміздің медициналық ұйымдарын тегін амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың түсуі сұрақтары бойынша байланыс орталығын іске қосты – 8 (7172) 23 50 98. «СҚ-Фармация» басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Шария Исмуханованың айтуынша, барлық қажеттілік қазірдің өзінде сатып алынған және емханаларға жөнелтілгеніне қарамастан, халықта дәрілік қамтамсыз етудегі үзілістер туралы сұрақтар әлі де туындап отыр. «Біздің сайтта бұрын жарияланған телефондар бойынша қазақстандықтарға амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің мамандары жауап берген. Бірақ олар барлық жұмыс уақыттарын әр жағдайды анықтауға арнай алмайтын. Сондықтан байланыс орталығын іске қосу туралы шешім қабылданды, енді оператор халықтың сұрақтарына ғана жауап беріп, дәрі-дәрмекті жеткізудегі әр үзіліс жағдайын түсіндірумен айналысады», - дейді «СҚ-Фармация» басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Шария Исмуханова.
«Aq jol»-ақпарат
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- Бүгін, 16:20
Аудит тексерісі нені анықтады?
- Бүгін, 16:13
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




