«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Журналистер күні қарсаңында «Soyle.kz» порталы туралы үздік мақалаға байқау жарияланды

Журналистер күні қарсаңында «Soyle.kz» порталы туралы үздік мақалаға байқау жарияланды
ашық дереккөз
Журналистер күні қарсаңында «Soyle.kz» порталы туралы үздік мақалаға байқау жарияланды

Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстандағы ең алғашқы қазақ тілін тегін үйрететін www.soyle.kz онлайн курсының жұмысы туралы үздік мақалаға байқау жариялайды. Байқаудың мақсаты оқырмандарды мемлекеттік тілді үйренуге тарту және осы порталмен көпшілікті таныстыру.

Бұл туралы Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметінен хабарлады.

Байқауға кәсіпқой журналистермен қатар www.soyle.kz ресурсы арқылы мемлекеттік тілді үйреніп жүрген кез келген пайдаланушы қатыса алады. Авторлар өз мақалаларында осы порталмен қазақ тілін үйреніп жүрген өз тәжірибелері туралы бөлісуі керек. Байқауға жіберілген жұмыстар 2014 жылдың 1 шілдесінен 20 қыркүйегі арасында баспасөз беттерінде жариялануы керек. Үздік мақала авторлары бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқау шарттары туралы қосымша ақпаратпен www.qazaq-found.kz және www.soyle.kz сайттарында немесе http://vk.com/soyle_kz, on.fb.me/1mIhFZR сілтемелерімен өтіп таныса аласыздар.

Байқау жеңімпаздары 2014 жылдың 22 қыркүйегі, Қазақстан халқының тілдері мерекесі күні қарсаңында анықталады. Анықтама: 2013 жылдың аяғында Қор Қазақстанда тұңғыш рет қазақ тілін онлайн режимінде тегін үйрететін www.soyle.kz порталын іске қосқан болатын. Ашылғалы жарты жылдың ішінде порталмен еліміз бен алыс-жақын шетелдерден 100 000 астам адам танысып, 10 000-нан астамы тіркеліп, қазақша үйренуге кірісті. Бұл порталдың ашылуына ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Samsung Electronics» компаниясы қолдау көрсетті.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар