Жаһан
ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы мен гранты тапсырылды
- author «Ақ жол»
- 27 маусым, 2014
- 1.1k
ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы мен гранты тапсырылды
Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы мен гранттарын тапсырып, алғысын жариялады.
БАҚ өкілдерімен кәсіби мерекелерімен құттықтаған Мемлекеттік хатшы отандық журналистиканың басты міндеттерінің бірі ел басшығылы қойған мақсаттарға жету үшін қазақстандықтарды ұйыстыру, бірыңғай қазақстандық жалпыұлттық бірлікті қалыптастыру, патриотизмді нығайту болып саналатынын баса айтты.
«Қазақстандық БАҚ өзінің қалыптасу кезеңінен табысты өтті. Бірақ қазіргі заманғы жағдайлар олардың алдына соңғы әлемдік рендтерді ескере отырып, саланы жаңарту сынды жаңа міндет қойып отыр», - деді Ә.Жақсыбеков.
Сонымен ҚР Президентінің сыйлығы «Жас қазақ» газетінің бас редакторы С.Смайылға, «Время» газетінің бас редакторы Л.Тараковқа берілді. Ал Елбасы гранттары «КТК» телеарнасының Астанадағы тілшілер қосының жетекішісі Я.Красиенкоға, «Қазақстан» ұлттық арнасының тілшісі Ж.Төлемісоваға табысталды.
Ал ҚР Президентінің Алғыстары «Айғақ» телерадиокомпаниясының, «Қазконтент» акционерлік қоғамының, «Коре ильбо» газетінің, «Мир» мемлекетаралық компаниясының Қазақстандағы ұлттық филиалының шығармашылық ұжымдарына жарияланды.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қант зауыты биыл қызылша өңдей ме?
- 30 наурыз, 2026
Ұлттық валюта – теңгенің тарихы туралы
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




