Шекара тыныштығын күзететіндер әскерге салтанатты жағдайда аттанды
- author «Ақ жол»
- 6 сәуір, 2018
- 288
Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Ұлы дала әскері – Мәңгілік Ел тірегі» атты әскери-патриоттық акция өтті. Шара барысында жас сарбаздардың мерзімді әскери қызметін атқару үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің әскери бөліміне салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.
Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы қоғамдық сананы жаңғыртудың міндеттерін іске асыру, Қазақстан Қарулы Күштерінің беделі мен мәртебесін арттыру, әскери қызметті насихаттау мақсатына негізделген шараны облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері мен ішкі саясат басқармалары және облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бірлесіп ұйымдастырған. Оған өңірдегі оқу орындары алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушы-мұғалімдері, Тараз қаласындағы әскери-техникалық мектебінің курсанттары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, әскерге шақырылған жастардың ата-аналары мен достары қатысты. Акцияда облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов сөз сөйлеп, еліміздің әскери әлеуетінің дамып келе жатқандығын айтып, жас сарбаздарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы, полковник Асқар Ниязов, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, генерал-майор Абдыхаппар Раймжонов сөз сөйлеп, жастарға Отанды сүю – міндет, қорғау парыз екенін айтып, оларды патриот болуға шақырды. Шара барысында қорғаныс саласындағы ардагерлер марапат-талып, қырық болашақ сарбазға естелік сыйлықтар табыс етілді. Бұл маусымдық шақыруда облысымыздан 400-ден аса жас әскер қатарына алынбақ.
Жанғазы АХМЕТ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді