«Наурыз – ізгілік айы» қайырымдылық акциясын ұйымдастырғанда қол ұшын созуға ниет білдіргендер қатары көп болды. Міне, осындай жаны жомарт демеушілердің арқасында отбасында мүгедек баласы бар жалғыз басты аналарға, сонымен қатар аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, жалпы саны қырыққа жуық қамқорлықты қажет ететін отбасыларға көмек көрсетілді.
Осы ізгілікке үндеген акция аясында өңірімізге белгілі азаматтарды облыс баспасөзінің қара шаңырағына арнайы шақырып, Тараз қаласындағы «Үміт» мамандандырылған бөбектер үйінің қамқорлығындағы жеті баланың тұсаукесер рәсімі де өткізілді. Өмір заңы бумеранг секілді. Не жасасаң да алдыңа келеді. Халқымызда: «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Осыны көкейге түйіп, ізгі шараға қолдау көрсеткендерге ризашылығымызды білдіреміз.
«Aq jol» газетінің редакциясы
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- Бүгін, 16:20
Аудит тексерісі нені анықтады?
- Бүгін, 16:13
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




