«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Баспана мәселесі шешімін табады

Баспана мәселесі шешімін табады
ашық дереккөз
Баспана мәселесі шешімін табады

Жұмыс істейтін әрбір азамат несиеге пәтер алып, оның мөлшері отбасылық бюджеттің мүмкіндіктеріне қарай төлей алатындай болғанын қалайды. Бұл енді арман емес, ақиқатқа айналады.

Президенттің бес бастамасының біріншісі – барша қазақстандықтарды баспанамен қамту. Елбасы ұсынған мүмкіндіктер шеңберінде алдағы уақытта Жаңатас қаласының 1-шағын ауданындағы 60 пәтерлік және 120 пәтерлік тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізіп, 3-шағын аудандағы «Үш алып» жатақхана ғимараты баспанаға мұқтаждарға үлестірілмек. Жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысын көтеру, студент жастарды жатақханамен қамту мәселелері де алдағы уақытта өз шешімін табатын болады. Аудан әкімі Балабек Нарбаев Президент көтерген бесінші бастама бойынша нақты жоспарлар жасалып, жүзеге асырылатынын айтты. Негізі бұл мәселені ауданға келген екі күндік жұмыс сапарында облыс әкімі Асқар Мырзахметов көтеріп, елді мекендерге алдағы уақытта газ құбыры тартылатынын мәлімдеген болатын.

Құдайберген МӘМБЕТОВ, журналист

Сарысу ауданы

Ұқсас жаңалықтар