Көк тудың буылғаны – құрметтің суынғаны
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="63775,63774"]
«Фотоайып» айдарының нысанасына Жамбыл ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округі әкімдігінің ғимараты ілікті. Фотосуреттен байқап отырғандарыңыздай, Елбасының шетелдерге сапары барысында желбіреп, талай байрақты бәсекелерде көкке көтерілген, байтақ мемлекетіміздің бейнесі болған көк туымыз өзінің сабына оралып тұр. Оралғанда да құр оралмай, адам қолымен мықтап тұрып байланған сияқты. Бұдан не түсінуге болады? Егемен еліміздің рәміздерін бұлай мазақ етіп, әрқайсымыз қалауымызша орналастыра беретін болсақ, тудың не қадірі қалады? Біздікі сынау емес, назарға алу, көрмесе көрсету. Туды бұлай қорламайық, Жамбыл ауылдық округінің әкімдігі!
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




