«Форбс Қазақстан» журналы бас редакторының орынбасары ұсталды
- author «Ақ жол»
- 2 сәуір, 2018
- 597
Алматыда ratel.kz сараптамалық порталы мен forbes.kz сайтының редакциясында тінту жұмыстары жүріп жатыр.
Бұл ақпаратты facebook.com әлеуметтік желісінде ratel.kz сайты авторларының бірі Вадим БОРЕЙКО хабарлады. Біз қос басылымның басшылары Арманжан БАЙТАСОВ пен Марат АСИПОВҚА хабарласқанымызбен тілдесе алмадық. Естеріңізге сала кетейік, 30-наурыз күні Медеу аудандық сотының шешімімен Ratel.kz и Balborsyk.kz домендері бұғатталған еді. Бұл прокурор Құсайыновтың сұрауы бойынша қабылданған болатын. Ratel.kz басшылығы facebook.com парақшасында 2 сәуір күні судья Гүлмира БЕЙСЕНОВАНЫҢ шешіміне шағым түсіретіндерін жазған болатын.
Дереккөз: zhasalash.kz-«Форбс Қазақстан» журналы бас редакторының орынбасары Александр ВОРОТИЛОВ ұсталды. Ратель редакциясынан құжаттар мен компютерлер тәркіленді. Естеріңізге сала кетейік, Ратель мен Форбсқа Зейнолла КӘКІМЖАНОВ шағым түсірген болатын. Жуырда Воротиловтың Зейнолла жайлы мақаласы ағылшын тіліне аударылып Рательде жарияланған еді. Бәлкім, тінтуге осы себеп болды. Я болмаса Форбстың Рательдің бұғатталғанын жазуы да себеп болуы мүмкін, — деп жазды Вадим Борейко өз парақшасында.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- Бүгін, 16:20
Аудит тексерісі нені анықтады?
- Бүгін, 16:13
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




