Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін, сонымен қатар дін саласындағы мемлекеттік саясатты талқылау және түсіндіру бойынша студент жастармен кездесу өтті.
Жиында Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б.Арын, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы С.Ораз, Православтық шіркеудің митрополиттік округының ісін басқарушы, қаскелеңдік епископ Геннадий, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы қатысты.
Б.Арын өз сөзінде «Бес әлеуметтік бастама» тікелей жастарға бағытталғандығына тоқталды. «Бұл құжат Президентіміздің серпінді ұсынысы, жас отбасыларға тұрғын үй алуға, жастардың жалақысын көтеруге, сапалы және қолжетімді білім беруге, кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді. Елбасының бес әлеуметтік бастамалары еліміздің өркендеуі мен халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Ал бұның барлығы тұрақтылық орнаған мемлекетте ғана жүзеге аспақ. Ел дамуының негізі – мемлекет тұрақтылығы. Кез-келген елдің ілкімді дамуының басты кепілдігі оның бейбіт жағдайда тіршілік етуі екені белгілі. Яғни, қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын мемлекеттер ғана қарқынды өркендеу жолына іліге алады» деп атап өтті.
Осы ретте, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы С.Ораз Мемлекет басшысына әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруға, оларды жас ұрпақ үшін жасағанына құрмет білдірді. Бас мүфти: «Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедтен бір кісі: «Уа, Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім?» деп сұрайды. Сонда ол: «Ең жақсы адам – қоғамға, елге пайдасы тиген пенде» деп жауап берген. Демек, қазір біздің қоғамға өз ісінің майталман маманы бола білген иманды, жанашыр, дәстүрлі құндылықтарды құрметтейтін парасатты мұсылмандар қажет. Білім мен көркем мінезді, ар мен ұятты өз бойына ұялатқан ұрпақ елдің көсегесін көгертеді» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді