Сонымен қатар, тексеру барысында кешен қызметкерлерінің өрт шыққан жағдайда әрекет жасау дайындығына ерекше назар аударылып, олармен нұсқаулықтар жүргізілетінін айтты.«Қазір біз прокуратураның тапсырмасы бойынша қаупі жоғары сауда орындарында жоспардан тыс тексерулер жүргізу бойынша жүмыстарды ұйымдастырып жатырмыз. Тексеру жүргізу барысында ең бірінші өрт шыққан жағдайда адамдарды қауіпсіз эвакуациялар талаптарының сақталуына назар аударылады. Яғни, бұл эвакуациялау жолдарының болуы, есіктердің кілтсіз еркін ашылуы, эвакуациялауға арналған қосымша жолдарға нұсқаулар қойылуы. Екіншіден, өрт көзін жою және оның таралу жолдарын жою әдістеріне. Яғни, электр желілері мен жабдықтарының дұрыс монтаждалуы, олардың сенімділігін тексеру, жанғыш заттардың сақталу талаптары. Үшіншіден, өрт шыққаны туралы адамдарға хабарлау жүйелерінің болуы мен олардың дұрыс жұмыс жасауы. Міне, ең алдымен осыларға назар аударылады», - деді Ысқақов.
Әлеумет
2 сәуірден бастап республикадағы ірі сауда үйлеріне тексеру жүргізіледі
- author «Ақ жол»
- 30 наурыз, 2018
- 583
2 сәуірден бастап республикадағы ірі сауда үйлеріне тексеру жүргізіледі
Ағымдағы жылдың 2 сәуірінен бастап ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті еліміздегі ірі ойын-сауық кешендері мен сауда үйлеріндегі өрт қауіпсіздігінің сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Бұл жөнінде брифинг барысында ҚР ІІМ ТЖК Өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің басшысы Рүстем Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Дереккөзі:baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- Бүгін, 16:20
Аудит тексерісі нені анықтады?
- Бүгін, 16:13
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




