Қазақстан кинотеатрлары қаншалықты қауіпсіз?
Кемероводағы қайғылы жағдай 64 адамның өмірін жалмап кетті, оның 41-і бала. «Зимняя вишня» сауда орталығында өрт дабылы жұмыс істемей қалып, эвакуациялық есіктер жабық болғандықтан, кинозалдағы көрермендердің қызыл жалыннан құтқарылуға мүмкіндігі болған жоқ. Қазақстанда кең ауқымда өрт қауіпсіздігін тексеру жұмыстары жүргізіліп, адамдар көп жиналатын жердердің бәрінде өртке қарсы қауіпсіздік шаралары сақтала бермейтіні анықталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Өрт болған жағдайда сауда үйінде жарық, дыбыс, дауыс арқылы берілетін хабарландыру жүйесі автоматты түрде іске қосылады. Қосылған дабылды аңғармай қалу мүмкін емес. Желдету құрылғысы автоматты түрде өшіп, түтінді жою жүйесі қосылады. Эскалаторлар тоқтап, лифт бірінші қабатта есігі ашық күйінде қалады. Апаттық хабарландыру қосылып, қосымша есікті көрсететін кесте іске қосылады. Қосымша есікке апаратын жолдарға жанбайтын материал қолданылған. Апаттық есіктер ешқашан жабылмайды және оларды тек ішінен ғана ашуға болады. Кинотетр қызметкері адамдарды апаттық жағдайдан құтқарумен айналысса, қауіпсіздік қызметі жедел қызмет түрлеріне хабарласып, сонымен қатар өрт ошағын жоюмен айналысады. Егер өрт ауқымы тым үлкен екеніне және ғимаратта ешкім қалмағанына көз жеткізсе, далаға шығып, өрт сөндіру қызметін күтеді.«Төтенше жағдай болған жағдайда көрермендер ең алдымен кинотеатр маманына құлақ түруі керек. Біздегі әрбір маман өрт шыққан жағдайда не істеу керек екенін және өрт сөндіру құрылғысын қалай қолдану керек екенін біледі. Егер сеанс кезінде төтенше жағдай орын алып, хабарландыру жүйесі іске қосылса, залға кинотеатр қызметкері келіп, көрермендерді қосымша есікке бағыттайды», - дейді ТЖМ-ның бұрынғы қызметкері, подполковник, өрт қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы Kinopark Theatres компаниясының қазіргі маманы Дәурен Сүлейменов.
«Біз көрермендерді залдан эвакуациялау тәжірибесін жасап көрдік. Тоғыз қабатты үйден қауіпсіз жерге жиналу үшін бізге бар болғаны 3 минут қана қажет болды», - дейді Дәурен Сүлейменов.
Дереккөзі:baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді