Нұротандықтар «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығына барып, қызмет алушылардың өтініштеріне құлақ түрді.
Партияның өңірлік филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Бақыт Төлемісова, қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбеков, облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Нұрбол Досалиев және «Озат» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қайрат Жетібаев зейнетақы аударымдары, баспана мәселелері туралы сұрақтарға жауап берді. Бүгінде орталықта 168 адамға тұрмыстық, медициналық, психологиялық, мәдени және құқықтық қызметтер көрсетілуде. Осы жерді тұрақ еткенімен, оларды қоғамдағы әлеуметтік мәселелер алаңдатпай қоймайды. Мәселен Николай Владислав сол маңдағы аялдамаға жаяу жүргіншілер жүретін жол салып, мекеме айналасына көшет тігіп, көгеріштендірсе деген тілегін жеткізді. Ал Александр Попов болса, өзінің тұрғын үйге зәру екенін айтып, мұңын шақты. – Мен екінші топ мүгедегімін. Өткен жылы мемлекеттік тұрғын үй кезегіне тұрдым. Қазіргі таңда нешінші кезекте тұрғанымды білгім келеді және баспанаға кезексіз немесе ертерек қалай қол жеткізуге болады? – дейді ол. Мамандар мекеме тұрғынына қала әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ресми сайты арқылы ақпарат алуға болатынын айтып, оның жолдарын түсіндірді. Қабылдау жүргізген тұлғалар өз жауаптарында бөлінген қаражаттың барлығын жауапты мекемелер қадағалап отыратынын жеткізді.
Жанғазы Сембайұлы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді