Электрондық жүйе қызмет сапасын жақсартады

Электрондық жүйе қызмет сапасын жақсартады
ашық дереккөз
Электрондық жүйе қызмет сапасын жақсартады

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру – бүгінгі күннің басты талабы. Сол сияқты, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерге тосқауыл қою да мемлекет саясатының аса маңызды стратегиялық басым бағыты деуге болады. Ал 2014 жылдың 11 қарашасында «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінде қабылданған партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы жемқорлықтың салдарын емес, оны тудыратын негізгі себептерге қарсы бағытталған деп есептеймін.

Аталған бағдарламада жемқорлықтың алдын алу шараларының бірі ретінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру шарасы қарастырылған. Осыған орай, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жүйелі түрде көтеру үшін 2020 жылы мемлекеттік қызметтің кем дегенде 80, 2025 жылы 100 пайызын электрондық жүйеге ауыстыру жоспарланып отыр. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру жолдары 2013 жылдың 15 сәуірінде қабылданған «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңда да көрсетілген. Кей жағдайларда қызмет алушының көрсетілген қызметті қанағат тұтпайтынына, осыған қарай шағымдар болатынына байланысты заңда көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне шағым беру тәртібіне қатысты нормалар енгізілген. Ал мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына бақылау жасау мен оны бағалау Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және оның аумақтық құрылымдарына берілген. Яғни заңнама талаптарын сақтамау, уақтылы бақыламау мен қызмет алушылардың шағымдарын толық әрі уақтылы қанағаттандырмау себептерін зерттеу – уәкілетті органның міндеті. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің басты экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші саналады. Осыған байланысты, көптеген шет мемлекеттер мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән береді. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдары жалпы білім саласы бойынша 39 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламентімен облыс әкімінің және облыстық білім басқармасының ресми сайттарынан (www.zhambyl.gov.kz, www.zh-bilim.kz) танысуға болады.

Мөлдір АБАШОВА, облыстық білім басқармасының бас маманы

Ұқсас жаңалықтар