Елорда тойына арналған флешмоб

Елорда тойына  арналған флешмоб
ашық дереккөз
Елорда тойына арналған флешмоб

Ел астанасы ірге қалаған 20 жыл ішінде зор мәртебеге ие болып, көркейіп, қанатын кеңге жайды. Елбасының төл туындысы Астананы барша қазақстандықтар мақтан етеді. Елорданың мерейтойына орай облыстық білім басқармасы «Менің қалам – Астана» атты флешмоб ұйымдастырды. Аталған шараға колледж студенттері мен оқытушылар, басқарма қызметкерлері қатысты. Астананың және еліміздің одан әрі дамуына жастарды, әлеуметтік белсенді азаматтарды тартуға атсалысу мақсатында өткен шарада өнерпаздар би билеп, әннен шашу шашты. Бұл – бас қалаға деген жастардың құрметі. – Биыл біз Астана қаласының 20 жылдығын атап өтеміз. Айтулы тойға орай облыстық білім басқармасы да арнайы жоспарын жасады. Сол бойынша барлық білім мекемелерінде Астананың 20 жылдығына арналған түрлі жарыстар, байқаулар ұйымдастырылуда. Бүгінгі оқушылар және студенттер арасындағы флешмоб та жастарды ауызбірлікке шақырады, ынтымаққа үндейді, патриоттық тәрбие береді. Қала бірден пайда болған жоқ, сондықтан оның тарихына үңіле отырып, жастардың қоғамға деген көзқарасын қалыптастыру да бір мақсатымыз. Жастарымыз Отанын, елінің астанасын мақтан тұтып өскенде ғана біз әрі қарай өркендейміз, өрлейміз, – дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлзира Дәрібаева.

Камила БОРАШОВА

Ұқсас жаңалықтар