Наурыз мерекесіне орай облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Наурыз FEST» байқауы өтті. Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақтағы ашық алаңқайда өткізілген шараға облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов қатысып, байқауды көпшілікпен бірге тамашалады. Бұл өнер додасында Тараздағы жоғары және арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қазақ халқының 11 салт-дәстүрінен көрініс қойды. Әрине, оның ішінде көпшіліктің есінен шыға бастаған дәстүрлер де кездесіп жатты. Мәселен, «Ұйқыашар», бастаңғы дәстүрлері осы күні қолданыла бермейтін болса, құда түсу, сүндет той, келін түсіру, бесікке салу, тұсаукесер, қыз ұзату дәстүрлері әр отбасына таныс екені анық. Қыз көру мен есік көрсету жоралғылары да халқымыздың кең пейілін, қонақжайлылығын айғақтайды. Байқау шарты бойынша әр ұжым салт-дәстүр көріністерін айшықтаумен қатар әннен шашу шашты. Байқау соңында қазылар алқасының шешімімен Жамбыл политехникалық колледжі жеңімпаз деп танылды. Жүлделі екінші орын «Тараз – Болашақ» колледжінің ұжымына берілсе, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ұжымы үшінші орыннан көрінді. Бір айта кетерлігі, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұжымы құда түсу дәстүрін өте әдемі көрсете білді. Алайда байқау ережесінде тыйым салынған фонограмманы қолданғандары үшін жүлдеден шеттетілді. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен марапаттап, дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді