Бакалавр дәрежесін алу үшін институт пен университеттерде оқу міндетті емес. Енді алғашқы ғылыми дәрежені колледжден де алуға болады. Мұндай жаңа жүйе Астана колледждерінің бірінде енгізілуде.
Жаңа техникалық революция және жоғары деңгейдегі мамандардың қажеттілігі қазақстандық білім беру жүйесіндегі өзгерістерге әкеледі. Сондай-ақ, оны әлемдік стандарттарға жақындатады. Білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес, бакалавр дәрежесі колледж түлектерінен жоғары. Бірақ университет бітірген жоғары дәрежелі мамандарға қарағанда төмен.
Бір сөзбен айтқанда, қолданбалы бакалаврлар кіші инженерлер деп аталады. Олар тек теориялық білімдерімен ғана емес, нақты өндіріс жағдайында да тәжірибеге ие. Осындай мамандарды даярлау Еуропада кең таралған. ТМД елдерінде бакалавр дәрежесі бойынша тек Ресейде ғана оқытылады. Енді оны Қазақстанда енгізу жоспарлануда. Екі жылдан бері «Кәсіпқор» холдингі халықаралық тәжірибені зерделеу, сондай-ақ отандық колледждер үшін стандартты бағдарламаларды әзірлеумен айналысып келеді.
«Біз бұл бағдарламаны 2016 жылы бастадық. Әдіснаманы дайындау барысында университеттер мен колледждердің өкілдері, сондай-ақ әлеуетті жұмыс берушілер қатысты. Кәсіпорындардың негізінде колледжді бітіргеннен кейін осы мекемелерге жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыратын қолданбалы бакалаврларды оқыту мен практикасы жүргізіледі»,-дейді «Кәсіпқор» холдингі АҚ Басқарма төрағасы Нұрғали Аршабеков.
Бұл тәжірибе алғаш рет елордадағы Көлік және коммуникация колледжінде енгізілді. Осы бағдарлама аясында «Кәсіпқор» холдингі оқу орнымен келісім-шарт жасасқан. Қолданбалы бакалаврларды «Информатика және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша дайындауда.
«Оқу мерзімі тұрақты колледжге қарағанда ұзағырақ. Колледжден бакалавр дәресежесін алу үшін 11-сыныптың білімімен тапсыру керек. Олар жұмысшы біліктілігі, орта деңгейдегі маман, содан кейін қолданбалы бакалавр дәрежесі секілді білімнің бірнеше деңгейін алады. Студенттер қолданбалы бакалавриатты аяқтағаннан кейін өндірістік кәсіпорындарда жұмыс істей алады және кіші инженердің деңгейіне тез жетеді»,-дейді Көлік және коммуникация колледжі директорының орынбасары Лариса Матвеева.
Дереккөз: 24.kzҰқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді