«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Цукерберг Facebook қолданушыларынанкешірім сұрады

Цукерберг Facebook қолданушыларынанкешірім сұрады
ашық дереккөз
Цукерберг Facebook қолданушыларынанкешірім сұрады
Марк Цукерберг АҚШ Конгресінің алдында сөз сөйлеп, Facebook-те шыққан дауға қатысты кешірім сұрады. Және Конгресс алдында алдағы уақытта барлық сауалға жауап беретінін жеткізді. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Facebook - Вашингтонда заңгерлер мен лоббистердің көмегіне ең аз жүгінетін компания, дегенмен Марк Цукерберг Конгресс комитетінің алдында ешқашан бұған дейін жауап берген емес. Ал заң шығарушылар мұны өзгерткілері келеді. Атлантиканың екі жағындағы саясаткерлердің көпшілігі Cambridge Analytica дауы шыққан соң, бес күн ішінде Цукербергтің Конгресс алдында жауап беруін талап етті. Айта кетейік, Президент Дональд Трамптың сайлауалды кампаниясын ұйымдастырған фирма Facebook желісін пайдаланатын 50 млн адам туралы жеке ақпаратты заңсыз алып, сайлауда Ақ үйдің қазіргі басшысы жеңіп шығу үшін тер төккен. Ал Facebook болса, бұл ақпараттардың профессорлар үшін академиялық мақсатта алынғанын айтады. Дегенмен, көп ұзамай 50 млн адам туралы жеке мәлімет үшінші тарапқа, яғни, Cambridge Analytica компаниясына сатылған. Бұл - Facebook компаниясының саясатына кереғар әрекет. Цукерберг бұл дауды басу үшін кеше Facebook-тегі жеке парақшасына жеке мәліметтерді қорғау үшін жасалатын қатаң әрекеттер тізімін жариялады. Дегенмен, бұл арқылы қолданушыларды да, заң органдарын да сендіре алмады.
Сенатор Эми Клобучар: «Facebook желісінде Цукерберг жариялаған әрекеттер өз қолданушыларын қорғау үшін аз. Сондықтан Цукерберг Конгреске келіп, жауап беруі тиіс» деп жазды.
Марк Цукерберг әлемдегі ең ірі компаниялардың бірінде басшылық қызмет атқарса да, бұған дейін тек хабарламалар мен оқиғалар арқылы Фейсбукте жауап беретін. Ешқандай сұхбатқа келіспейтін. Сәрсенбі күнгі сәтсіз постынан кейін Цукерберг көпшіліктің сынына ұшырап, кешірім сұрай алмайтын адам ретінде айыпталған. Ол бұл айыпты CNN басылымына берген сұхбатында түзеді.
«Сенімге сызат түсірген оқиға болғандықтан, дәл осылай болғанына мен өкінемін. Кешіріңіздер... Аталған адамдар үшін жауапкершілікті сезініп, қатаң түрде бұл дауды ретке келтіру қажет», - деді Цукерберг.
Компания қызметкерлерінің жеке мәліметтерге қол жеткізу құқығын енді Цукерберг шектейді. Facebook компаниясы алдағы уақытта мәліметтерге қол жеткізуге ыңғайлы қосымшаларды да қайта қарастырады.
«Біздің не табарымыз белгісіз, дегенмен мыңдаған қосымшаны қайта қарастырып шығамыз», - деді Цукерберг.
Сондай-ақ, компания басшысы 2015 жылы Cambridge Analytica жасаған әрекетті дер кезінде білмей қалғанын, уақытында жазалай алмағанына өкінетінін білдірді. Дегенмен, аталған компаниядан Facebook қолданушылары туралы жеке мәліметтерді түбегейлі жоюды талап етіп, бұл мақсатына жеткен. Цукерберг 2004 жылы Facebook компаниясының негізін қалаған сәтте, 2018 жылы дәл осылай назарға ілігетінін білмегенін айтады. Бұл даудың биылғы жылы АҚШ-та өткізілетін президент сайлауының алдында әдейі жасалып отырған әрекет деп бағалайды.
«Мен компанияның негізін қалаған сәтте, 14 жылдан кейін мемлекеттік әртістермен шайқасатынымды білген де жоқпын. Біреу айтса, сенбес те едім. Ресейде сайлауалды осындай жанама қайшылықтар көбейеді. Енді сырттан жасалған мақсатты жоспарлар АҚШ сайлауының да әділетті өтуіне кедергі жасау үшін осы даудың орын алғаны сөзсіз», - деді ол.
Дегенмен, Цукерберг тек АҚШ азаматтарының алдында ғана емес, әлем халқының сенімінен шығу үшін еңбектенетінін айтты. Осы қателікті қайталамауға сөз берді.

Дереккөзі:baq.kz

Ұқсас жаңалықтар