«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Көшет еккен көркейтер айналаны...

Көшет еккен көркейтер айналаны...
ашық дереккөз
Көшет еккен көркейтер айналаны...

Көрісу күнімен басталған мерекелік іс-шаралар тізбегі өткен сенбі күні Алас күнімен жалғасын тапты. Бұл күн облыс тұрғындарын тазалыққа, адамдар ескі киімдер мен заттарды өртеп, қоршаған ортаны күтуге, тал-дарақтарды ағартуға үндейді. Өңір басшысы Асқар Мырзахметовтің бастамасымен қазақтың Жаңа жылы тойланатын 9 күннің әрбірі осындай түрлі игі шараға толы.

Алас күні «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен жалпыхалықтық сенбілікке ұласты. Тараздағы әкімдіктер, басқармалар, білім беру орындарының өкілдері, ардагерлер, студенттер мен оқушылар жер-жерде тазалық жұмыстарын жүргізіп, тал-дарақтар отырғызды. Бұл ізгі істен облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің өзі, Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев пен облыстық ардагерлер кеңесі де тыс қалмады. Өңір басшысы бастаған топ алдымен орталық Һибатулла Тарази мешітінің оң жақ қапталына мамыргүл, бозқараған, барқыт сынды барлығы 100 түп түрлі ағаш көшеттерін тікті. – Биыл өңірімізде Ұлыстың ұлы күні тоғыз күн тойланып жатыр. Бұл – өте қуантарлық жайт. Қар еріп, күн жылынысымен қала көшелерінде көктемгі тазалық пен көріктендіру жұмыстары басталып кетті. Мұндай шарадан ешбіріміз жасымызға қарамай тысқары қалмауымыз керек деп есептеймін. Сондықтан игілігі мол іске ардагер, ақсақалдар да қол қусырып қарап отырмай, шаһарымыздың көркеюіне үлес қосудамыз. Таза ауамен тыныстап, еңбекке араласудың қарттар үшін пайдасы көп. Енді алдағы уақытта осындай тазалық жұмыстарына Тараздың барша тұрғындары бар ықылас-ниетімен қатысса деген тілегім бар, – дейді еңбек ардагері Мизан Дүйсенбаев. Мұнан соң игілікті іс Тұңғыш Президент саябағында жалғасын тапты. Жалпы, жалпыхалықтық сенбілікке 8900 адам, 60-тан астам техника жұмылдырылып, 6 мыңнан аса тал өскіндері отырғызылды.

Эльвира Жарылқасынова

Ұқсас жаңалықтар