«Дю Солей» циркінің тағы бір акробаты мерт болды
Du Soleil циркінің акробаты АҚШ-тың Флорида штатында қойылым барысында мерт болды.
Әуе гимнасты Янн Арноның биіктіктен аренаға құлап, қаза болғаны туралы жексенбі күні канадалық цирктің басшылығы хабарлады.
«17 наурыз күні Флорида штатының Тампа қаласында Volta шоуы кезінде жазатайым оқиға орын алғанын қайғыра хабарлаймыз. Тәжірибелі әуе гимнасты Янн Арно әуе белдіктерінде номерді орындау барысында аренаға құлап кетті», - деп хабарлады Cirque du Soleil.
Арно жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген, бірақ ол алған жарақаттары салдарынан көп ұзамай көз жұмды.
Айта кетейік, бұл Cirque du Soleil құрылған отыз жылдың ішінде ажал құшқан екінші акробат. 2013 жылы 15 метр биіктіктен 31 жастағы әртіс Сара Гийяр-Гийо құлап кетіп, мерт болған еді. Ол кезде циркке 25 мың доллар сомасында айыппұл салынған болатын. Невада штатының соты акробат қыздың өлімі қауіпсіздік техникасын сақтамаудан болды деген тұжырымға келді. Дереккөз: inform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- Бүгін, 16:20
Аудит тексерісі нені анықтады?
- Бүгін, 16:13
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




