Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай жастар флэшмобы өтті
- author «Ақ жол»
- 14 наурыз, 2018
- 489
Телеарна ғимараты алдына жиналған жастар әдемі әуеннің ырғағында би билеп, 60 санын көктем гүлдерімен үндес, түрлі-түсті қолшатырмен әсемдеп жазды. Ұлттық арнаның мерекесінде қос телеарнаның тулары самал желмен тербеліп, көне шаһарды бір уақ әсем күйге бөледі. Жамбылдық жастар еліміздің бас арнасына деген ілтипатын осылайша білдірді.
– Қазақстан Ұлттық арнасы осыдан 60 жыл бұрын Алматы студиясында алғашқы хабарын тарата бастаған болатын. Содан бері медиа кеңістікте өз орны бар арна Астана қаласынан хабар таратып келеді. 60 жыл толып отырған ұлттық арнаға өз үлесімізде қосу ниетімен біз жастармен бірге бүгін флешмоб ұйымдастырып отырмыз, –дейді «JAMBYL» телеарнасы директорының орынбасары-бас редактор Алпамыс Қазыбаев.
Электронды ақпарат кеңістігінде өзіндік орны бар «QAZAQSTAN» телеарнасы бүгінде қанатын кеңге жайып, тамыры тереңге бойлады. Құрамында 3 телеарна, 14 аймақтық филиалы мен 30-дан астам интернет пен 4 радиожелісі бар. Солардың бірі – «JAMBYL» телеарнасы бүгінде тек үлкендердің ғана емес, жамбылдық жастардың да қызығып қарайтын телеарнасына айналған. Өңірдің тыныс-тіршілігін қамтитын түрлі бағдарламалар, күнделікті жан-жақты тың жаңалықтар көзі қарақты көрерменге күнделікті жол тартады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




