14-16 наурызда бірқатар аймақта су деңгейі көтеріледі
Алдағы үш күнде жылы ауа температурасының сақталуы әсерінен еліміздің бірқатар аймағында өзендер арнасынан тасып, толассыз жауын жаууы мүмкін
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 14-16 наурыз аралығында Қарағанды облысында жауын-шашын күтіліп, нөлден жоғары ауа температурасының сақталуына байланысты облыстың оңтүстігі мен оңтүстік шығысында қар еріп, өзендер арнасынан тасуы мүмкін.
Осы күндер аралығында Қызылорда облысының оңтүстігінде өзен суы арнасынан асып, жайылымдық жерлерді су басуы мүмкін.
16 наурызда Алматы қаласы және Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде толассыз жауын жауса, таулы аймақтарда қар еріп, су деңгейі көтеріледі.
Дереккөз:baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




