Елбасының жақында ғана жарияланған Үндеуінің бесінші бастамасы «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыруға» арналғаны белгілі. Үндеуде айтылғандай, елімізде 9 облыс газдандырылған болса, соның бірі біздің өңіріміз. Жалпы облысымызда 377 елді мекен бар. Бүгінде оның 181-іне «көгілдір отын» жеткізілген. Ал магистральдық газ құбырынан 50-100 шақырымнан алыс орналасқан және халқының саны аз 23-і газдандырылған. Бұл енді экономикалық талаптарға сәйкес қазіргі таңда мүмкін болмай тұрған жағдай. Ал 2018-2025 жылдар аралығында 173 елді мекенді газдандыру жоспарлануда. Оның ішінде Байзақта – 21, Жамбылда – 16, Жуалыда – 19, Қордайда – 29, Меркіде – 6, Мойынқұмда – 12, Сарысуда – 18, Таласта – 14, Т.Рысқұловта – 20, Шуда 18 елді мекен жоспарға енгізілген. Облыс тұтынушыларын газдандыру мақсатында бүгінде 2017 жылдан өтпелі екі жоба іске асырылуда. Олар Талас ауданының 5 (Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр) және Сарысу ауданының 4 елді мекеніне (Әбілда, Тоғызкент, Майлыкөл, Досбол) газ келтіретін құбырдың құрылысы және Т.Рысқұлов ауданындағы «Ақыртөбе ГРС». Аталған жобалардың құрылысы ағымдағы жылы аяқталады. Биыл құрылыс жұмыстарын қаржыландыру мақсатында Тараздағы ГРС-1, ГРС-2 газ реттеу стансаларын қаланың сыртына шығарып соғуға, Байзақ ауданының – 21, Жамбыл ауданының – 13, Шу ауданының – 18, Талас ауданының 3 елді мекеніне газ жеткізу құбырларының құрылысына қажетті қаржы қарастыруға республикалық бюджетке өтінім жолданды. Ал Президент Н. Назарбаевтың Үндеуі жоспардағы істеріміздің уақтылы орындалуына ықпал етіп, жұмысымызға жаңа серпін берері сөзсіз. Осылайша әзірге республика елді мекендерінің 50 пайызға жуығы газдандырылса, жақын жылдары бұл көрсеткіш еселеніп, отын жағу машақатынан құтылатын облыс тұрғындары көбейе түспек.
Нұртай Тілегенов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді