Таразда тоғызқұмалақтан, дойбыдан және шахматтан облыс чемпионаты өтеді
- author «Ақ жол»
- 12 наурыз, 2018
- 644
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының мұрындық болуымен 14-16 наурыз аралығында тоғызқұмалақтан, дойбыдан және шахматтан Жамбыл облысының чемпионаты өтеді. «Тараз» орталық стадионында өткізілетін ұшқыр ойлылардың аламаны Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған шаралар аясында ұымдастырылып отыр.
Аталған чемпионатқа 1997 жылы туылған және одан кішірек көру қабілеті төмен жастар қатысады. Жалпы, жарыста Тараз қаласынан және аудандардан барлығы 30 спортшы бақ сынайды деп күтілуде.
Жарыс дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спортты насихаттау, жастарды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеуді мақсат етіп отыр.
Облыс чемпионатының жалпы басшылығын Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жүргізеді. Ал оны өткізу «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубына» жүктелген.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- Бүгін, 16:20
Аудит тексерісі нені анықтады?
- Бүгін, 16:13
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




