Тараз қалалық мәслихатының депутаты, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры Жанар Орынбаева – тұрғындармен жиі кездесіп, мәселелерін тыңдап тұратындықтан, қоғам қолдауына мұқтаж жандардардың жайын жақсы түсінеді.
Облыстық «Аq jоl» газеті «Наурыз – ізгілік айы» акциясын ұйымдастырғанда көп ойланып жатпастан, редакциямызға арнайы хабарласып, қолдан келген көмегін аямайтынын жеткізді. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ол аз қамтылған, толық емес бес отбасына көмек қолын созып, жаны жабырқау жандардың жағдайын біліп қайтты. – Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің мерекесі. Бұл күні қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмайтын шығар, сірә. Жақсы тілек тілеу, қайрымдылық жасау – мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Мұқтаж адамдарға көмек қолымызды созу әрбіріміздің парымыз деп ойлаймын. Сондықтан наурыз айында «Аq jоl» газеті ұйымдастырған қайырымдылық шарасына атсалысып, туғаннан мүгедек жандардың үйіне барып, ата-аналарымен жүздесіп, көмектесуді жөн көрдік, – дейді Жанар Рымбекқызы. Адам баласы бойындағы асыл қасиеттердің бірі – қайырымдылық. Қамқорлыққа зәру жандарға жүрек жылуын ұсынып, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесу – азаматтық парыз. Әрине, өзіңде барды өзгемен бөлісу – жомарттықтың белгісі. Қашан да алған қолдан берген қол қайырлы болары сөзсіз.
Камила Борашова
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- Бүгін, 16:20
Аудит тексерісі нені анықтады?
- Бүгін, 16:13
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




