Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Ұлт әдебиетінің алыбы, айтыс өнерінің майталманы болған Жамбыл Жабаевтың есімі ешқашан жұрт жадынан өшпек емес. Құлманбетпен, Айкүміспен және өзге өз дәуірінің мықтыларымен сөз қағыстырып, тарихта есімін алтын әріптермен қалдырған Жамбыл Жабаевтың туғанына 172 жыл толып отыр.
Жүз жылға жуық ғұмыр кешкен ақынның туған күнінде облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов бастап, Тараз қаласындағы мекеме басшылары мен ардагерлер қоштап, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Ақын рухына тағзым етті. Шара барысында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Орынбасар Бақытұлы, №5 гимназияның оқушысы Гауһар Әбдіқапар, №19 мектептің оқушысы Асылхан Бүрлібай, №26 мектептің түлегі Мадина Асылбекова, №47 мектептің білім алушысы Бейбарыс Шалабаев Жамбыл Жабаевтың рухына арналған отты жырларын оқыды. Мұнан соң «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысының қатысушылары, қазақ театр және кино өнерінің корифейі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, белгілі ақын Жүрсін Ерман, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, композитор Алтынбек Қоразбаев бастаған мәртебелі меймандар да ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті. Соңынан қарағандылық айтыскер ақын Мақсат Ақанов Жамбыл Жабаевтың рухына арнауын орындап берді.
Табиғат Абаилдаев
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




