Белгілі журналист Дүйсенбек Айбеков дүниеден озды
Белгілі журналист Дүйсенбек Айбеков дүниеден өтті. Айықпас дертпен күрескен қаламгердің келместің қайығына мініп кете барғаны баршамыздың қабырғамызды қайыстырып отыр.
Талас ауданының құм жиегіндегі «Кеңес» (бүгінгі Бөлтірік шешен ауылы) кеңшарында өмірге келген ол журналист болсам деген бала арманын ақиқатқа айналдыруда аянбай тер төкті. Дүйсенбек Айбеков еңбек жолын Талас аудандық «Ленин жолы» (қазіргі «Талас тынысы») газетінен бастап, кейіннен облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол»), Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз», республикалық «Алтын орда» апталығында елеулі еңбек етті. Бүгінге дейін республикалық «Жас қазақ» газетінің облыстағы меншікті тілшісі қызметін атқарып келген еді.
Дүйсенбек Айбековтің есімі жамбылдықтарға жақсы таныс. Ол әртүрлі мерзімді басылымдарда қызмет ете жүріп, жаңалықтың жаршысына айналудан бір танған емес. Сонымен қатар, өзінің болмысымен қоғамдағы әділетсіздіктерге қарсы тұрып, кәсібіне адал журналист болды.
Қарымды қаламгердің қазасына орай отбасы, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




