«Казгидромет» РМК облыстық филиалы дауылдық ескерту жасады. Мекеменің хабарына сәйкес, 26-28 ақпан күндері Жамбыл облысының аласа таулы өзендерінде ауа температурасының жоғарлауына және жаңбыр күтілуіне байланысты су тасу, баурайы және жергілікті ағын қалыптасуы күтіледі.
Сондай-ақ, 27-28 ақпан күндері Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел тұрады. Желдің екпіні секундына әр жерлерде 15-20, 23-28 метр болуы мүмкін. 27 ақпанда таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында кей уақыттарда 30 м/с және аса жылдамдықта жел тұруы ықтимал. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Тараз қаласында 27 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. Тұман түсуі мүмкін.
Бұдан бөлек, 27-28 ақпан күндері Жамбыл облысының таулы аудандарында қар көшкіні жүруі мүмкін. Осы себепті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Ұқсас жаңалықтар
Баланы сөзбен емес, өнегелі ісіңмен тәрбиеле
- 27 қаңтар, 2026
«Тұрақты жұмыс тауып берсе, көмектің «көкесі» сол болар еді...»
- 27 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




