«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

"JAMBYL" телеарнасы топ басында

"JAMBYL" телеарнасы топ басында
ашық дереккөз
"JAMBYL" телеарнасы топ басында
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2017-2018 жылғы жаңа телемаусымының тұсаукесері кезінде жаңартылған брендінің таныстырылымын өткізген болатын. Өзгерістер нәтижесінде корпорацияның өзімен қоса аймақтағы филиалдарының атауларына да ребрендинг жасалып, жаңаша бағытта жұмысын бастаған-тын. Осылайша, Жамбыл облыстық "Қазақстан-Тараз" телеарнасы да "JAMBYL" атын иеленген еді. Сол уақыттан бері жұмысын жаңаша бағытта өрбіткен аймақтық телеарна эфирінде тұшымды хабарлар қатары артып, көрерменге жаңалық ұсыну тәсілі де түрленді. Ал, телеарна тізгінін тәжірибелі журналист Жасұлан Әбдіхалықтың алуы облыстың бас арнасының тынысын аша түсті десек, артық болмас. Сол уақыттан бері "JAMBYL" журналистері оқиғаның шыны мен сынын қатар көрсетіп, эфирге обьективті көзқараспен беріп келеді. Осынау оң өзгерістер өз нәтижесін көп күттірмеді. Арна тілшілері дайындаған сюжеттер эфирден көрсетілісімен ел ішінде қызу талқыға түсіп, оң пікірлер айтылып келді. Соның нәтижесі ретінде "JAMBYL"-дың интернеттегі сайтына жарияланған бейнесюжеттерді қарайтын, әлеуметтік желіде бөлісетіндер саны арта түсуін айтуға болады. Нақты айтар болсақ, телеарнаның сайтына 19 бен 25 ақпан аралығында 49 мыңнан астам адам кірген. Бұл, әрине, арна ұжымының еңбегінің, сюжеттердің өзектілігі мен шынайылығының бағасы деп білеміз. Ендеше, "JAMBYL"-дық әріптестердің істеріне толайым табыстар тілейміз!

Ұқсас жаңалықтар