Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында өткен республикалық ғылыми жобалар жарысынан жамбылдық оқушылар жүлдемен оралды. Қазақстанның әр аумағынан 738 оқушы қатысса, облыстан 57 оқушы 47 жоба бойынша бақтарын сынады. Оның 20-сы жүлдегер атанып, оқушылар 1 алтын, 3 күміс, 16 қола медальға ие болды. Сонымен қатар, «Дарын» республи-калық ғылыми-практикалық орталығының 20 жылдығына орай 37 оқушы арнайы грамотамен марапатталған. Информатика секциясы бойынша облыстық дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Қорған Нұржасаров алтын медальді қанжығасына байласа, тарих секциясы бойынша облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Аружан Бахыт, техника секциясы бойынша Тараз қаласындағы №24 гимназияның 11-сынып оқушылары Нұртілеу Амангелді мен Егор Дуля күміс медаль иегерлері атанды. Ал Тараз қаласындағы №1, 7, 41, 45, 53 мектеп-гимназияларының, облыстық ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатының, облыстық үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектептің оқушылары Никита Пасечников, Альбина Қойшыбек, Әсия Серікқызы, Дмитрий Пак, Александр Пикалов, Рустам Ибрагимов, Ақжан Рахымбердіқызы, Назым Рахманберді, Бекзот Исламов, Лаура Қалмұханбетова, Райхан Сүлейменова, Абду-Расул Чаушоглы, Аружан Батырбек, Тоғжан Сембекова, Луиза Байжанова және Жамбыл ауданы Б.Момышұлы атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Ақнұр Сұранова құқық негіздері, этномәдениеттану, тіл білімі тағы басқа да ғылыми секциялар бойынша қола медальдарды жеңіп алды. Ғылыми жобалар додасының қорытындысы бойынша облысымыздың дарынды оқушылары командалық есепте бірінші орынды олжалап, алтыншы жыл қатарынан «Үздік команда» номинациясын иеленді.
«Ақ жол-Ақпарат»
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді