«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ар-ұяттың өлшемі – әдеп

Ар-ұяттың өлшемі – әдеп
ашық дереккөз
Ар-ұяттың өлшемі – әдеп

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті қоғамдық тыңдау өткізді.

Іс-шарада облыстық департамент басшысы Мақсұт Нәлібаев сөз сөйлеп, бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріліп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, қызметкер имиджінің қалыптасуына жоғары кәсібилік пен жеке құзыреттердің, моральдық-адамгершілік қасиеттердің әсері көп. – «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін 12 қадам белгіленіп, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі және әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітілген. Қазір облыс әкімі аппаратында Олжас Ақылбаев әдеп жөніндегі уәкіл қызметін атқаруда, оған жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық департаменттерде әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары қосымша жүктелген. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы бірлесіп, Pocketbook-мемлекеттік қызметшілер үшін қалталық әдеп кодексін әзірлеген. Оны қызметшілер нұсқаулық құралы ретінде пайдалана алады, – деді Мақсұт Ыбырайханұлы. Жиында Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Дәурен Омаров ұлттық және халықаралық деңгейдегі жемқорлықтың жағдайы мен үрдістерін баяндады. Жемқорлықтың алдын алу шаралары мен мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидалары туралы бас мамандар Жазылбек Алдабеков пен Гүлназ Бақытжанқызы түсіндіріп берді.

Элизат Қонысбай

Ұқсас жаңалықтар