Қазақстан халқы наурыз айында, мереке күндерін қосқанда, 13 күн демалады.
Биыл 8-наурыз мерекесі бейсенбі күнге тура келеді. 9-наурыздағы жұмыс күні Үкімет қаулысымен 3-наурыз, сенбіде өткізіледі. Осылайша, қазақстандықтар 8-наурыздан 11-іне дейін – төрт күн демалады. Бұл бес күндік еңбек аптасымен жұмыс істейтіндерге қатысты. Еңбек кодексі 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мереке күндері жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне өткізуге құқылы. Наурыздың 21-інен 23-іне дейін – сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері елде Наурыз мейрамы тойланады. Демек, қазақстандықтар ол аптада қатарынан бес күн, ал жалпы 4, 17, 18 және 31-наурыздағы демалыс күндерін қоса есептегенде, Қазақстан халқы көктемнің алғашқы айында 13 күн демалады.
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- Бүгін, 16:20
Аудит тексерісі нені анықтады?
- Бүгін, 16:13
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




