«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жастар саябағы болса...

Жастар саябағы болса...
ашық дереккөз
Жастар саябағы болса...

Келешегіміз жас ұрпаққа қандай тәлім-тәрбие бергенімізге байланысты. Әлеуметтік-экономикалық әлеуетіміз де жастардың алған сапалы біліміне тәуелді. Өмір салтымыздың жаңғыруы солардың көрген өнегесіне қатысты. Олар еліміздің қоғамдық өміріне белсене араласқанда ғана «сірескен» қағидаларға жан бітеді.

Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келіп, жаңа қоғам, жаңашыл идеяларды бойына сіңіріп өскен ұрпақта еркін көзқарас қалыптасты. Өңір жастары еліміздің жаңару үдерістеріне белсене атсалысуда. Олар заманауи мемлекеттің жасап жатқан сындарлы саясатының арқасында алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі білім-ғылымды игеруге ұмтылыс жасап жатыр. Өскелең ұрпақтың білім алып, өнер үйренуіне, спортпен шұғылдануына, бір сөзбен айтқанда, тұлға ретінде дамуына облыс басшысы тарапынан да үлкен қолдау көрсетіліп, пайдалы һәм заманауи жобалар қолға алынуда. Жылдан-жылға жастар саясаты мәселелері жанданып, жаңа сипатқа ие болуы – соның көрінісі. Әйтсе де елеусіз қалып, назар аударылмай келе жатқан жайттар да бар. Мәселен, Тараз қаласында әлі күнге жастар бас қосатын, демалатын, шығармашылықтарын шыңдайтын орын жоқ. Өзге өңірлерде сәулеті келіскен жастар сарайлары ашылған. Облысымыздан басқа аймақтарда жастар саябақтары да бар. Бізде де сондай орын бар. Ол Қайрат Рысқұлбековтің есімімен аталатын саябақ. Қазір қараусыз қаңырап жатқаны болмаса, нағыз жастар бас қосатын орын деуге болады. Оны қайта жөндеуден өткізіп, жандандырса, жастар үшін оң тірлік болар еді.

Серікбол БЕРІКҚОЖА, Тараз қалалық мәслихатының депутаты

Ұқсас жаңалықтар