Мойынқұм аудандық «Мөлдір» коммуналдық кәсіпорны облыстық «Aq jol» газетінің 03.02.2018 ж. №14 санындағы «Мойынқұмдықтар арықтан су ішіп отыр» мақаласына орай төмендегідей жайды хабарлайды. Шындығында, қаңтар айының аяғында қыс қаһарына мініп, оған жел қосылып, қатты суық болғандығы рас. Сол мезетте құмдағы ауылға су айдап тұрған терең ұңғымадағы сораптар істен шығып, біреуі апатты жою бригадасының күш салуымен қалпына келтіріліп, іске қосылды. Дегенмен 3 күн Абылайхан көшесінің басы, Балуан шолақ, Тайбағаров көшелеріне су жетпеді. Бұл көшелерге 2 су тасымалдайтын көлікпен ауызсу тұрғындарға тегін таратылып берілді. Жұмыла жұмыс істеудің арқасында ақпан айының 4-і күні апатты жағдай толық қалпына келтірілді. Қазіргі таңда ауызсу өз уақытымен берілуде.
Мақсат Жылыбаев, «Мөлдір» КМК-нің директоры
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың арқасында биіктерді бағындырып келеміз
- Бүгін, 16:20
Аудит тексерісі нені анықтады?
- Бүгін, 16:13
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




