«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Алдын алса, қауіп те құрықталады

Алдын алса, қауіп те құрықталады
ашық дереккөз
Алдын алса, қауіп те құрықталады

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас ғимаратында аталған мекеме мен оның құрылымдық бөлімшелерінің төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою бойынша былтыр атқарылған жұмыстары және биылға белгіленген жоспарлары жөнінде есеп беру жиыны өткізілді. Оған басқарма, бөлім және бөлімшелер басшылары қатысты. Жиынды ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы Марат Хасенов ашып, жүргізіп отырды. Есепті кезеңде департамент тарапынан барлық қызметтердің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілгендігі атап өтілді. Былтыр ТЖК аумақтық бөлімшелері күшімен халықты авариялардан, табиғи және техногендік апаттардан, азаматтық қорғауға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, халықты оқытып үйретуге бағытталған ауқымды жұмыстар жүзеге асырылған. 4959 шұғыл шығулар (оның ішінде 1254 -і – апаттық, іздестіру-құтқару жұмыстары мен өрт сөндіру бойынша) орын алған. Барлығы 1054 адам құтқарылып, 63 адамға медициналық көмек көрсетілген, төтенше жағдайлар аумағынан 1199 адам қауіпсіз орынға көшірілген. Талдау нәтижесі көрсеткендей, есепті кезеңде барлық сипаттағы төтенше жағдайлар түрлері бойынша оқиғалар саны 17, зардап шеккендер 23, қаза болғандар саны 27 пайызға айтарлықтай төмендегенін аңғаруға болады. Басқосуда, сондай ақ департамент пен оған бағыныстылықтағы мемлекеттік мекемелер қызметінің тиімділігін арттыру және халық күшін жұмылдыра отырып аумақты қорғауды қамтамасыз ету үшін облыстық мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің жұмысын тиімді іске асыру бағыттары бойынша тиісінше ұсыныстар ортаға салынды. Барлық құрылымдық бөлімшелер басшыларына ІІМ алқасында қабылданған шешімдер, ТЖК және ТЖД шұғыл жиналыстарының, ТЖК барлық деңгейдегі отырыстары кезіндегі шешімдерін іске асыруды бақылауға алуды күшейту тапсырылды. Әсіресе апта сайын табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу шара-ларының толыққанды орындалуына талдау жасап, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін дер кезінде қарастырып, кеңсебилікке жол бермей, қағазбастылықтың алдын алу қажеттігі баса айтылды. Марат Майданұлы есеп беру жиынын қорытындылай келе, облыстық ТЖ департаменті бөлімшелері мен басқармаларының, бөлімдерінің жұмыстарын оң бағалап, алға белгіленген бағдарларды жүзеге асыру бойынша тиісінше тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас жаңалықтар